«Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқыту арқылы оқушылардың ауызша және жазбаша тілін дамыту» тақырыбында онкүндігі » Сш Шайкорык
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Шайқорық орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72633) 3-72-35
Есепші бөлімі:
+7(72633) 3-72-35
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқыту арқылы оқушылардың ауызша және жазбаша тілін дамыту» тақырыбында онкүндігі
06
февраль
2023

«Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқыту арқылы оқушылардың ауызша және жазбаша тілін дамыту» тақырыбында онкүндігі








Шайқорық орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің 06.02-17.02.2023 ж. аралығында «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқыту арқылы оқушылардың ауызша және жазбаша тілін дамыту» тақырыбында онкүндігі жоспарланды.
     Онкүндіктің ашылуына мектептің фоесін безендіріп, өзіміздің құндылығымызды насихаттап, ұлттық тағам түрлері қойылды. Сонымен бірге мектеп оқушыларының орындауымен «Еркесылқым» күйін тартып, оқушыларды қарсы алды. Үлкен қоңырауда «Салкүрең», «Адай күйі » күйлері орындалды. 
       Мектебіміздің АКТ залында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Есибаева А. мен Исалиева М. ұйымдастыруымен «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» атты кеш өтті. Кеште оқушылар тіл тақырыбында өлеңдер оқып, қойылымдар қойып, ән шырқап, би биледі.