17
январь
2023
Ағылшын тілі пәнінің "The English language is the language of friendship" тақырыбында бірлестік онкүндігі өтіледі





16.01-27 .01.2023 аралығында ағылшын тілі пәнінің "The English language is the language of friendship" тақырыбында бірлестік онкүндігі өтіледі Мақсаты: оқушылардың сөйлеу тілін,ойлау қабілетін , шығармашылық ізденістерін жетілдіре отырып , танымдық және эстетикалық тәрбие беру. Бүгінгідей жаһандану заманында көп тіл білетін адамның қоғамдағы алар орны да ерекше. Өзге тілді үйрену, оны жетік меңгеру – бұл ең алдымен халықаралық қатынастар кезінде айрықша рөл атқаратыны баршамызға аян. Тіл – халықпен бірге өмір сүріп дамиды.«Біз үштілділікті дамыту қарқынын үдетіп отырмыз». Бұл ойдан шығарған дүние емес, қажеттілік. Қазірдің өзінде қазақстандықтардың 20 пайызы ағылшын тілін меңгерді. Яғни, үш тілді меңгеру, білу – бұл жаһандық әлемге жолдама деген сөз. Бұл адамның өмірдегі табыстылық, жетістік . Жаһандық әлемде біздің балаларымыз «Планета азаматы» болады. Онкүндік аясында көптеген іс- шаралар, ашық сабақтар,сыныптан тыс сабақтар,шебер сыныптар,коучингтер жоспарланған.Апталықтын ашылуында мектеп оқушылары мен ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері белсене атсалысып өз өнерлерін ортаға салды