15
октябрь
2025
«Құқықтық тәртіп және әлеуметтік жауапкершілік» тақырыптарында сынып сағаттары өтті
Шайқорық орта мектебінде 2025 жылғы қазан айының 13-15 күндері 1-6 сынып оқушыларымен «Мен және Заң», 7-11 сынып оқушыларымен «Құқықтық тәртіп және әлеуметтік жауапкершілік» тақырыптарында сынып сағаттары өтті.
Сабақтар барысында сынып жетекшілер білім алушыларға заң талаптарын ғана емес, қоғамдық ортадағы өзін ұстау мәдениетін, әлеуметтік жауапкершіліктің мәнін ұғындыруға да тырысты.
Оқушылар ҚР Ата Заңын және басқа да заң баптарын топтарға бөліне отырып талдап, кейстік тапсырмаларды орындады.