09
ноябрь
2022
«Формы и приемы работы с текстом» тақырыбында тәжірибелік семинар





Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Г. Альденова мен Б. Абдихаимованың ұйымдастыруымен «Формы и приемы работы с текстом» тақырыбында тәжірибелік семинар өтті. Семинар өте жоғары деңгейде, мәліметке толы болды. Оның мақсаты оқушылардың мәтінмен жұмыс жасау барысында қолданатын әдіс-тәсілдерін көрсету арқылы мұғалімдердің педагогикалық құзіреттілік деңгейін көтеру. Семинар барысында ұстаздар өз іс-тәжірибесімен бөлісті.Семинарға орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдерімен қатар, қазақ тілі, ағылшын тілі және бастауыш сыныптарының мұғалімдері де қатысып, тәжірибе алмасты.