19
январь
2023
Ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері Ж.Тойшибекова мен С.Таласбаеваның ұйымдастыруымен “Ағылшын тілі бойынша білім беру процессін ұйымдастырудың заманауи тәсілдерін жүзеге асыру”тақырыбында тәжірибелік алаң өткізді



Шайкорык орта мектебінде Ағылшын тілі пәнінің "The English language is the language of friendship" тақырыбындағы ағылшын тілі пәнінің бірлестігінің онкүндігі аясында 19.01.23 жылы ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері Ж.Тойшибекова мен С.Таласбаеваның ұйымдастыруымен “Ағылшын тілі бойынша білім беру процессін ұйымдастырудың заманауи тәсілдерін жүзеге асыру”тақырыбында тәжірибелік алаң өтті. Іс-шараның мақсаты: Ағылшын тілін оқытуда білімгерлердің тілдік қарым-қатынас жасай алу біліктілігін жетілдіру. Ағылшын тілі пәні мектепте білім, тәрбие берумен қатар жасөспірімдердің жеке бас қасиеттерін тұлға ретінде жетелдіруге қоғамдағы өз орнын табуға ерекше ықпал етеді,кез келген бір әдістемені қолдану әртүрлі шарттарға байланысты болып келеді. Жалпы осы іс-тәжірибеде әр мұғалімнің пікірі құнды, сондықтан айтылған ойлары, ұсыныстары тыңдалды, іс-шара өз деңгейінде өтті.