10-21 қазан 2022 жыл аралығында өтілетін математика және информатика пәндер бірлестігінің онкүндігі
Шайқорық орта мектебінде 10-21 қазан 2022 жыл аралығында өтілетін математика және информатика пәндер бірлестігі онкүндігі өтіледі.
Тақырыбы: «Инновациялық технологияларды қолдану арқылы білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру»
Мақсаты: Математика және информатика сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру жолдарын ұсыну.
Онкүндіктің ашылу салтанаты тақырып аясында безендірілген залда өтті. 5-10 сынып оқушыларының ұйымдастырған іс-шаралары өте қызықты да әсерлі өтті. Онкүндіктің ашылуында мектеп директоры Д.Р.Мадибаев сөз алып, білім алушыларға терең ойлы білім, ұстаздарға шығармашылық шабыт пен сәттілік тіледі.
Онкүндік барысында байқаулар, ашық сабақтар, сыныптан тыс іс-шаралар, шебер сыныптар, коучингтер өткізіледі.