“Ақын – елдің ардағы” атты ақынмен кездесу » Сш Шайкорык
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Шайқорық орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72633) 3-72-35
Есепші бөлімі:
+7(72633) 3-72-35
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » “Ақын – елдің ардағы” атты ақынмен кездесу
17
февраль
2023

“Ақын – елдің ардағы” атты ақынмен кездесу




Шайқорық орта мектебінде 06-16.02 аралығында қазақ тілі мен әдебиеті апталығына жоспар жасалып, бекітілді. Жоспарға сай пән мұғалімдері ашық сабақтар мен сыныптан тыс сабақтарды өз деңгейінде өтті.

       Апталықты қорытындылау мақсатында “Ақын – елдің ардағы” атты ақынмен кездесу ұйымдастырылды.

    Кештің мақсаты: өлкемізде халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүрген қаламгерлеріміздің өрнегі мол жырларын оқуға насихаттап, олардың өнегелі өмір жолдарын өскелең ұрпаққа өнеге тұтып, жастардың кітап оқуға құлшынысын, поэзияға деген қызығушылықтарын арттырып, еліне, жеріне деген мақтаныш сезімдерін ояту. Кездесу кешіне жергілікті ақын, «Ақ жол газетінің бас редакторы  Хамит Есаман арнайы шақырылып, мектеп  кітапханашысы, оқушылар, мектеп әкімшілігі мен мұғалімдермен кездесті.

     Кеш барысында қазақтың қара өлеңіне шекпен жауып жүрген жамбылдық ақын Хамит Есаманның өлеңдерін оқушылар керемет, нақышына келтіре жатқа оқып шықты. Жас ақындарымыз да өз туындыларын ортаға салып, ой бөлісті. Туған жердің көркеюі мен келісті келбеті ақын ағаларымыздың көрікті жырларына арқау болды. Апталықтың жабылуында мектеп директоры Д.Мадибаев сөз алып, жас буын мен ұстаздарға өз тілегін арнап, одан ары шабыттандырды.

     Өткізілген іс-шаралардың мұғалімдер үшін, бір- бірімен тәжірибе алмасқан, тың дүниелерге толы апталықтың жас мамандарға берері мол болды.

      «Мен жастарға сенемін», - деп  М.Жұмабаев айтқандай, аға буынның сенімін ақтайтындай, парасат-пайымы биік азаматтар тәрбиелей берейік!