«Әлем мойындаған тұлға бол!» тақырыбында стенд » Сш Шайкорык
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Шайқорық орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72633) 3-72-35
Есепші бөлімі:
+7(72633) 3-72-35
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Әлем мойындаған тұлға бол!» тақырыбында стенд
03
февраль
2023

«Әлем мойындаған тұлға бол!» тақырыбында стенд

Ұстаз әрқашан шәкірттеріне бүгінгі алған білімінің ертеңгі күні қажеттілігін сездіре алатындай қасиеті бар, мектеп табалдырығын аттаған әрбір жас өреннің болашақтағы көздеген мақсаттарына қол жеткізуіне бағыт бере алатын үлкен тұлға. 
 Батыстағы Аристотельден кейін екінші ұстаз атанған Әбу Насыр әл-Фараби, ал күллі Шығыс әлемін өзінің данышпандылығымен таңғалдырған «Шығыс ұстазы» атанған Сыма Цян сияқты әлем таныған тұлғалар аз емес.
Кемеңгер дана Абай атамыздың «Сенде бір кірпіш дүниеге, тетігін тапта, бар қалан»,-деген қасиетті сөзі әр адам өмірдегі өзін, өз орнын,өз мақсатын тауып,   әлемді мойындатар тұлға болсын деген мақсатта, тарих пәнінің мұғалімдерінің қолдауымен мектептің бірінші қабатында «Әлем мойындаған тұлға бол!» тақырыбында стенд жасалды. Барлық адам асқақ арман мен биік мақсатқа ие. Әрбірінің өз бағыты, арман қылған бағындырар биігі болады. Ал, биік шың адамға оңайлықпен беріспесі анық!
P/s Директордың әдістеме жөніндегі орынбасары Мырзашова Нургиза Абдигалиевна