06
декабрь
2022
“Тарих. Тағылым. Тәуелсіздік” тақырыбында қоғамдық-гуманитарлық пәндер әдістемелік бірлестігі онкүндігі өтіледі.










Оқушыларды Отанын сүйюге, ұлтжандылыққа, елжандылыққа тәрбиелеу.
Тәуелсіз Қазақстан тарихын жетік білуге құштарлығын ояту.
Бүгінгі заманға сай, іздемпаздыққа, шығармашылыққа баулу.
«Тарих – өткенге сабақ, келешекке – өнеге» тақырыбында өткен онкүндіктің ашылу барысында еліміздің тәуелсіздігі, амандығы жолында өзіндік керемет үлесін қосқан керемет тарихи тұлғаға Қаздауысты Қазыбек бидің – 355 жылдығына орай қойылым көрсетілді. Сахнаға ХХ ғасырдың басында қазақ халқы саяси аренаға, азаттық пен тəуелсіздік күрес жолына, ағартушылыққа шақырған ірі қоғам қайраткерлерін А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ә.Бөкейханов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев сомдаған білімалушылар да шықты. Сондай-ақ, білім алушыларға тарих әлемінен сұрақтар қойылып, танымдылықтары артты.