Шебер-сынып шығармашылық шыңы » Сш Шайкорык
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Шайқорық орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72633) 3-72-35
Есепші бөлімі:
+7(72633) 3-72-35
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Шебер-сынып шығармашылық шыңы
13
октябрь
2022

Шебер-сынып шығармашылық шыңы

Қазақстан Республикасының қарқынды даму кезеңінде математиканы меңгерту негізінде білім алушылардың математикалық сауаттылығын арттыру басты міндет болып табылады. Осы бағытта мектебіміздің математика пәнінің мұғалімдері Ш.Халықова мен Б.Егембердиева " Білім алушылардың математикалық сауаттылығын қалай қалыптастыруға болады?" тақырыбында шебер сынып өтті. Мақсаты:
Математикалық сауаттылықты дамыту жолындағы тәжірибемен бөлісу.
Математикалық сауаттылықты қалыптастырудың негізі бастауыш сыныптардағы қызықты математика курсынан бастау алып, 5-6 сыныптарда қалыптасуының деңгейлерімен таныстырды. Сонымен қатар 5-6 сыныптардағы академиялық есептерді күрделендіре отырып, шешудің тиімді жолдарын көрсетті. Сондай- ақ математикалық сауаттылықты қалыптастыру үшін -  теорияны білу, оны логикамен ұштастыру, есепті шығарудың тиімді жағын көруге баулу, математикалық білімді өмірлік жағдаяттарда кездесетін түрлі мәселелерді шешуде еркін қолдануға дәлелдемелер келтірді.