10
декабрь
2019
Шайқорық Жетекші мектебінде Педагогикалық шеберлік орталығының Тараз қаласындағы филиалымен бірігіп ұйымдастырылған «Іс-әрекеттегі зерттеу – тәжірибен
26.11.2019 жылы Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Шайқорық Жетекші мектебінде Педагогикалық шеберлік орталығының Тараз қаласындағы филиалымен бірігіп ұйымдастырылған «Іс-әрекеттегі зерттеу – тәжірибені жетілдірудің тиімді құралы» тақырыбындағы облыстық семинар өтті.
Мақсаты: Жаңартылған білім беру мазмұны аясында мұғалім көшбасшылығымен жүргізілетін Іс-әрекеттегі зерттеу тәжірибесімен бөлісу, зерттеушілік дағдысын дамыту.
Бағдарлама бойынша семинар 4 секцияда жүргізілді:
1.Пленарлық сессия;
2. ТЕD-баяндама;
3. Постерлік сессия;
4. Сабақты зерттеу;
5. Шебер-сынып;
6. Коучинг-сабақ.
Секция жұмыстарына Шайқорық Жетекші мектебі мен серіктес мектептерінің (Ә.Тарази орта мектебі, Төле би орта мектебі, Ә.Ысмайлов орта мектебі) зерттеуші-мұғалімдері іс-әрекеттегі зерттеу жұмыстарын ұсынып, тәжірибелерімен бөлісті.
Заманауи мектеп мұғалімі білім беру саласындағы өзгерістерге бейімделген және оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін меңгерген тұлға ретінде қалыптасып келеді, ал инновация мен технология қарқынды дамып келе жатқан ғасырда мектеп мұғалімінің оқушыларына сапалы білім беруінде «Іс-әрекеттегі зерттеудің» пайдасы өте зор. Себебі, Іс-әрекеттегі зерттеуде мұғалім сыныптағы жағдайды зерттеп, оған қатысты болжам жасай алады. Бұл ретте зерттеуде ең маңыздысы жүйелілік. Белгілі бір ситуацияның болу себебін анықтау үшін, қайталанып отыратын спираль тәріздес зерттеу айналымы қандай да бір жағдаятты жан-жақты жүйелі түрде бақылап, белгілі бір қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Болашақтағы тәжірибемізді өзгертуге немесе басқаша жасауға рефлексияны дамытады.
Семинар барысында Іс-әрекеттегі зерттеу, яғни өзгеріс енгізуге түрткі болатын проблемаларды шешу үдерісін қалай жүргізуге болады, Іс-әркеттегі зерттеуге арналған тақырып таңдауды негіздеу, іс-тәжірибеге енгізілген өзгерістер және пайдаланылған дерек жинау әдістері, Тәжірибеге өзгерістерді енгізу, Іс-әркеттегі зерттеу жүргізу үдерісіндегі шектеулер мен бұдан кейінгі іс-тәжірибеге жасайтын ықпалы, Деректерді талдау, қорытындылау және оқытудағы келешек өзгерістерді жоспарлау туралы негізгі қадамдарды анықтап, мұғалімдердің «Іс-әрекеттегі зерттеумен» айналысудағы мақсаттарын айқындап, олардың зерттеу барысында кездесетін қиындықтарын шешу жолдарына талдау жасалып, көптеген құнды ақпарат алынды.
Семинардың нәтижелі өтуіне ат салысқан ПШО-ның Тараз қаласындағы филиалының тренері Альтаева Шакизат Кудайбергеновнаға және барша әріптестерге алғысымыз шексіз.