21
январь
2018
"Сәдуәлі" шағын орталығының ашылу салтанаты
10.01.2018 жылы Шайқорық орта мектебінің жанынан "Сәдуәлі" шағын орталығы ашылды.
Жамбыл ауданы, Шайқорық ауылының тұрғындары мен балдырғандары үшін қуанышты жаңалық! Көркейіп келе жатқан ауылда 50 бүлдіршінге арналған, «Сәдуәлі» шағын орталығы ашылды. Нысан құрылысының құны 12 миллион 800 мың теңгені құрап отыр. Бұл қаражат жергілікті бюджет есебінен қарастырылған.
Балабақша – мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудің негізгі арқауы екені анық. Бүгінгі күні Жамбыл ауданында жалпы 18 балабақша және 20 шағын орталық жұмыс жасайды. Онда төрт мыңға жуық бала тәлім-тәрбие алуда. Соның бірі Шайқорық орта мектебінің жанынан ашылып отырған «Сәдуәлі» шағын орталығы заманауи талапқа сай жабдықталған. Мұнда 3 пен 6 жас аралығындағы бүлдіршіндер үш тілде базалық білім алып, шығармашылығын шыңдауға түрлі жағдайлар жасалған.Орталықтың ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары қатысып, балдырғандар мен ата-аналарды құттықтады. Бүлдіршіндерби билеп, ән айтып, өз өнерлерін көрсетті.