Теологпен кездесу өтті » Сш Шайкорык
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Шайқорық орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72633) 3-72-35
Есепші бөлімі:
+7(72633) 3-72-35
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Теологпен кездесу өтті
24
сентябрь
2024

Теологпен кездесу өтті

18 қыркүйек күні зайырлылық қағидаттарын насихаттау, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, деструктивті діни ағымдардың идеологиясына қарсы иммунитет қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеп, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында 9-10 сынып оқушыларына Жамбыл облысы әкімдігінің "Дін проблемаларын зерттеу орталығының" Жамбыл ауданы бойынша инспекторы Шадиев Алмат Берікбайұлымен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында дәстүрлі емес діни ағымдар, олардың себептері мен зардаптары жөнінде сөз қозғалды. Теолог маманы ислам дінінің тазалығын, бауырмалдылыққа жетелейтінін түсіндіріп өтті.

Алмат Берікбайұлы діни және зайырлы білімді қатар алудың жолдарын түсіндіріп, қайсысы маңыздырақ екеніне тоқталып өтті және дәстүрлі діндердің ерекшелігі, интернет желсіндегі қауіпсіздік және т.б. мәселелер қарастырылып, оқушылар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берілді.