07
март
2025
Ана деген-тіршіліктің тірегі
Наурыз айының 7 күні 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай мектептің акт залында «Ана деген – тіршіліктің тірегі» тақырыбындағы мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Мектептің акт залы алдын-ала шарлармен, банермен безендірілді.
Іс-шараның мақсаты - нәзік жанды аруларымыздың қоғамдағы рөлінің орасан зор екендігін дәлелдеп, оларға қуаныш сыйлау.Оқушылардың оларға деген ізгі ниеттерін көрсету. Ұл балалардың қыз баласына деген адамгершілік сезімдерін тәрбиелеу.Қазіргі қоғамдағы қыз балалардың рөлін айқындай түсу бағытында қыз балаларға рухани тәрбие беру, халқымыздың дәстүрлі құндылықтарын ұғындыру. Білімге және өнерге, имандылық пен инабаттылыққа тәрбиелеу.