«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында » Сш Шайкорык
Жамбылская область
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Шайқорық орта мектеп"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72633) 3-72-35
Бухгалтерия
+7(72633) 3-72-35
Версия для
слабовидящих
» » » «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында
17
октябрь
2022

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында




«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 9-сыныптар арасында «Интернет технологиясы арқылы оқуды насихаттау, сайттарда оқу мәдениетін ұйымдастыру» тақырыбында информатика пәні мұғалімдері К.Абсадықова мен Д.Таубаева ұйымдастыруымен электронды кітап оқуға насихаттау, рухани және мәдени құндылықтарды дамыту,  білім алушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында  дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел барысында «Кітап оқудың адамға тигізер пайдасы қандай?» анимациялық видеосы көрсетілді, кітап оқуға қызығушылықтың азаю себебі талқыланды, 9-сынып оқушылары К.Егенберді, Қ.Қанатқызы кітап оқуға арналған кеңестер, кітап оқуды үйренудің алғы шарттарын айтып өтті. Мектеп кітапханашысы А.Аман мобильді кітапхананы қолдануға нұсқау берді. Информатика пәні мұғалімдері әдеби кітаптар мен оқулықтардың электронды слабовидящихн оқуға, көшіріп алуға болатын kitap.kz, e-kitap.kz, kitaptar.org, okulyk.kz, т.б. сайттар туралы мәліметтер берді, интеллектуалды ойын ойнатты. Іс-шараға мектеп директоры Д.Мадибаев мен директордың ғылыми әдістеме ісі жөніндегі орынбасары Н.Мырзашова қатысып, қатысушыларға кітап оқудың маңыздылығын атап өтті.