16
октябрь
2025
Мобильдік топ жетекшісі сабақ өтті
Шайқорық орта мектебінде 2025 жылғы қазан айының 16 күні оқушыларға қылмыстық кодекстың зорлық-зомбылыққа, есірткі құралдарын таратуға және т.б. байланысты негізгі нормаларын түсіндіру бойынша мобильдік топ жетекшісі, бөлім прокуроры Нуралиев Бекжигит 9 сынып оқушыларымен кездесу өткізді.
Прокурор соңғы айлар ішінде жасөспірімдердің қатысуымен болған қылмыстарға тоқталып, оның салдарын білім алушыларға жеткізуге тырысты. Мектеп ішіндегі тәртіп жағдайын білім алушылардан сұрап, жедел әрекет ету телефондарынан хабардарлығын тексерді.