«Есірткі – адам өміріне қауіп төндіретін індет» атты дәріс өтті
Шайқорық орта мектебінде 2025 жылдың 16 қыркүйек күні есірткі заттарының зиянын түсіндіруге арналған «Есірткі – адам өміріне қауіп төндіретін індет» атты дәріс өтті. Дәріске 6-7 сынып оқушылары қатысты.
Мақсаты: тыңдаушыларға есірткінің түрлері, әсері және тәуелділіктің қалыптасу механизмін түсіндіру, жастарды алдын алу шараларымен таныстыру, есірткіні қолдануға қарсы қоғамдық иммунитет қалыптастыру.
ДҚТІЖО Д. Рахимкулова және мектеп медбикесі Б. Узенбаева оқушыларға арнап профилактикалық-түсіндіру жұмыстарын сыныптарда және мектептің кітапханасында жүргізді.
Шайқорық орта мектебінде 2025 жылдың 29 қыркүйек күні қыз балаларға өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды үйрету, репродуктивті жүйе туралы дұрыс түсінік қалыптастыру, жеке гигиена мен өзін құрметтеудің маңызын түсіндіру мақсатында «Репродуктивті денсаулық дегеніміз не?» тақырыбында әңгіме жүргізілді. Әңгімеге 7-8 сынып оқушылары қатыстырылды.
Әңгіме барысында ДҚТІЖО Д. Раимкулова «Қыз – халық болашағы» атты баяндамасын, мектеп медбикесі Б. Узенбаева «Репродуктивті денсаулық деген» атты тақырыпта баяндама оқыды.