14
сентябрь
2017
Мектеп тарихы
Шайқорық мектебі 1929-30 жылдары бастауыш мектеп болып ашылған.
Алғашқы мектеп-Тоқтаназар ұлы Рысбай бабаның үйінде, кейін Бекмұратова Шайкүл үйінде, 1939-40 жылдары Байшойынов Үсіпбектің үйінде болды. 1937 жылы мектеп меңгерушісі Тажиков деген кісі болған. 1939 жылы мектеп меңгерушісі Андабаев Дүйсен, мұғалімі Сұрабалдиев Тұрсынбай болған.
1940-41 оқу жылында бастауыш мектеп 7 жылдық мектеп болып құрылған. Бидайбеков Файзолла, Жанұзақов Алдиярбек екеуі 70-80 оқушының атынан арыз жазып, аудандық оқу бөліміне барады. Ондағы мақсаттары ауылда 7 жылдық мектеп аштыру.
Сол кездегі аудандық білім бөлімінің бастығы Бек Абдуллаев оларды қабылдап, 3 класты жаңадан бітірген, 10 жасар балалардың іскерліктеріне табандылықтарына сүйсініп, өтініштерін қалайда орындауға уәде береді. Бір апта өткен соң, Шайқорық ауылында жеті жылдық мектеп ашылсын деген облыстық атқару комитетінің шешімі шығады.
Сол кездегі Шайқорық колхозының басқарма бастығы Бекбауов Орынбасар, почта бастығы Шишабаев Исан мектеп оқушыларымен бірге бөлінген көлік ат-арбамен парталар тасыған. Совтрактор, Танта, Ворошилов, Бесжылдық бастауыш сыныбын бітірген оқушылар осы Шайқорық жетіжылдық мектебінде оқуларын жалғастырған. Оқушылар саны 200-дей болған.
1942-43 оқу жылында И.Илъянов, 1943-44 оқу жылында Мұстафаев Мүсірепбек директор болған. 1944-45 оқу жылынан бастап 1960 жылға дейін 15 жыл Төленбаев Сауранбай директор қызметін атқарған. Сол кездегі мұғалімдер: Ордабаева математик, Саимбетова-биолог, Сапарбаева Алтынкүл - бастауыш сынып, Төленбаева Жезбала-математик, Сұрабалдиев Тұрсынбай. Бұл мұғалімдер мәдени-іс шаралармен қатар, сол кездегі үкімет саясатын халыққа түсіндірумен де айналысқан.
1959 - 1962 жылдар аралығында Сәрсенбаев Көшкінбай директор болған.
1962-63 оқу жылында облыстық атқару комитетінің шешімімен Шайқорық мектебі 8-жылдық аралас мектеп болып құрылған.
Сол кезде оқушы саны-198. Директор болып Наметбаев Шәріп, оқу ісінің меңгерушісі Бидайбеков Файзолла ағайлар істеді.
1970 жылы мектеп үйі қазіргі емхана ғимаратына көшіріліп, директоры болып Бисенбаев Орынбасар істеді. 1974 жылы сиымдылығы 640 оқушыға арналған жаңа ғимаратқа В.И.Ленин атындағы орта мектеп болып көшірілді. Сол кезде мектепте 631 оқушы болған. Осы жылы мектеп директоры қызметін Ы.Қалыбаев атқарған.
1977 жылы Овчаренко Н.И., төрт айдан кейін Мұхамедияров Жаңбырбай, 1978 жылы Жанқараев Манап ағайлар директор болып істеді. Одан кейінгі басшылар: ОргановТ., Тұяқбаев С., Әліпбаев С., Сапашев Ж.С., Сычева В.С., Өзенбаев Л., Нарботаев Ш.О.
Нарботаев Шолпанқұл Оразалыұлы 2005 жылы Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігінің «Білім беру ісінің үздігі» төс белгісімен марапатталды.