Білім жүйесінің дамуы - » Сш Шайкорык
Жамбылская область
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Шайқорық орта мектеп"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72633) 3-72-35
Бухгалтерия
+7(72633) 3-72-35
Версия для
слабовидящих
» » Білім жүйесінің дамуы -
07
июнь
2022

Білім жүйесінің дамуы -

Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгелі аса үлкен мән берген әрі айтарлықтай өзгеріске ұшыраған салалардың бірі білім беру саласы дер едім. Мемлекет білім беру жүйесін сапалық жағынан жақсарту мақсатын қойды, сол мақсатты жүзеге асыру мемлекет басшысының әрбір үндеуінен орын алып отырды және әлі де жалғасын таба бермек. Себебі, ұлттың болашағы білімді ұрпақ қолында. 

Заманауи талаптарға сәйкес, бүгінгі бала, ертеңгі маман бәсекеге қабілетті болуы үшін барлық мектептер кезең-кезеңімен жаңартылған білім мазмұнына көшті. Білім саласын жоғары дәрежеге көтеру Қазақстанның халықаралық аренада бәсекеге қабілетті мемлекет болуына тікелей ықпал етеді. Оны жүзеге асыру үшін 2012 жылдан бастап Қазақстанда көптілді білім беру жүйесі енгізілді. 2012-2013 оқу жылында Қазақстанның 35 мектебінде көптілді оқыту жүйесін енгізу қолға алынды, сонымен қатар, 1-сыныптан бастап ағылшын тілін үйрету жобасы қолға алынды. 2016-2019 жылдары бұл бағдарлама толықтай жүзеге асырылды.

Білім беру жүйесін заман талабына сәйкес дамытуда мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енгізген жаңартылған білім беру бағдарламасы келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама болды. Жаңартылған білім жүйесі – құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама. Бағдарламаның маңыздылығы – баланы оқыта отырып, ой еркіндігін, белсенділігін, ізденімпаздығын қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдай білуге дағдыландыру.

Бағалау жүйесі де түбегейлі өзгеріске ұшырап, критериялды бағалау жүйесіне көшті. Бұл бағалау жүйесінің артықшылығы, баланың ойлау қабілетін дамытып, алған білімін өмірмен байланыстыра білуіне, одан әрі ғылыммен айналысуына септігін тигізеді.

Тәжірибе барысында бұл бағдарламаның артықшылығына көз жеткіздім. Соның бірі – коммуникативтік төрт дағдыға баса назар аударылуы. Осыған дейін оқылым мен жазылымға аса мән беріліп келсе, жаңа білім беру мазмұнында ең бірінші тыңдалым және айтылымға мән берілуі қоғамдық қажеттіліктен туындағанын байқатады. Себебі, тыңдалым дағдысының балада ғана емес үлкендер тарапында да жетіспейтіні хақ. Тыңдалым болмаған жағдайда қалған үш дағдының өз нәтижесін бермейтіндігі айдан анық. Күнделікті сабақ басталмас бұрын бүгінгі сабақтың мақсатын таныстыру оқушының өз алдына мақсат қоя білуге, сабақ соңында бүгінге мақсатқа қол жеткізгендіктеріне қайта шолу жасау арқылы өз нәтижесіне саралау жасауға мүмкіндік беру бұл да жаңа білім беру мазмұнының жаңа бір қыры деп айта аламын. Әр пәнде үш тілділік саясатының жүзеге асуы және барлық пәнге тән ортақ тақырыптың болуы, сабақтың кіріктіріле өткізуге негізделуі оқушының белгілі бір тақырыпты жан-жақты қырынан зерттеуіне, өз бетімен тұжырым жасауына ықпал етеді.

Қорыта айтқанда, аталмыш бағдарламаның мәні – баланың функционалды сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде қажетке асыра білуі керек. Ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттелді. Сондықтан оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту жолында жұмыс жасау керек. Жаңартылған білім бағдарламасы бойынша алдымызға мақсат қоя отырып, сол мақсатқа жету жолында шәкірттердің жүрегіне жол тауып, әрекеттендіре білу шеберлігіне жетсек, егеменді еліміздің ұл-қыздары білімді де білікті болып шықпақ. Соның арқасынды біз бәсекеге қабілетті, іргесі мықты ел болмақпыз!


М.Бекмолдаев директорының міндетін уақытша атқарушы