2017 жылғы 16 тамыздағы № 611 бұйрығымен бекiтiлген "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалар » Сш Шайкорык
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Шайқорық орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72633) 3-72-35
Есепші бөлімі:
+7(72633) 3-72-35
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2017 жылғы 16 тамыздағы № 611 бұйрығымен бекiтiлген "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалар
03
февраль
2020

2017 жылғы 16 тамыздағы № 611 бұйрығымен бекiтiлген "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалар

7 тарау:
119. Тәрбиелеу және білім беру объектілерінің қоғамдық тамақтану ұйымдарында мыналарды:
 1) қатық, сүзбе, айранды;
 туралған ет қосылған құймақтарды;
 флотша макаронды;
 зельцтер, форшмактар, сілікпелер, паштеттерді;
 кремі бар кондитерлік өнімдерді;
 тұтыну қаптамасындағы кондитерлік өнімдер мен тәттілерді (шоколад, кәмпит, печенье);
 морстар, квастарды;
 фритюрде қуырылған өнімдерді;
 шала пісірілген жұмыртқа, қуырылған жұмыртқаны;
 күрделі (4 компоненттен артық) салаттарды; қаймақ пен майонез қосылған салаттарды;
 окрошканы;
 саңырауқұлақтарды;
 өнеркәсіпте дайындалмаған (үйде дайындалған) тамақ өнімдерін;
 тез дайындалатын құрғақ тағамдық концентраттар негізіндегі бірінші және екінші тағамдарды;
 газдалған, емдік және емдік-асханалық минералдық суды, тәтті алкогольсіз сусындарды, алкогольсіз энергетикалық (сергітетін) сусындарды, диффузиялық қойылтылған шырындарды (қаптамаланған минералды және ауыз суды қоспағанда);
 фаст-фудтар: гамбургерлер, ход-догтар, чипсілер, кептірілген нан, қытырлақ нанды;
 ащы тұздықтар, кетчуптар, ащы дәмдеуіштерді (бұрыш, ақшелкек, қыша) дайындауға және өткізуге;
 2) мыналарды:
 пастерленбеген сүтті, термиялық өңделмеген сүзбені және қаймақты;
 суда жүзетін құстың жұмыртқасы мен етін;
 ауыл шаруашылығы малының сырқаттанушылығы бойынша қолайсыз шаруашылықтардың сүтін және сүт өнімдерін;
 тіл, жүректі қоспағанда өнімді мал мен құстың субөнімдерін;
 механикалық түрде сылынып алынған өнімді малдың етін және құс етін;
 құс етінен алынған құрамында коллаген бар шикізатты;
 сойылған өнімді мал мен құстың қайта мұздатылған өнімдерін;
 генетикалық түрлендірілген шикізаттар және (немесе) құрамында генетикалық түрлендірілген көздер бар шиізаттарды;
 йодталмаған тұзды және құрамында темір бар витаминдермен, минералдармен байытылмаған (фортификацияланбаған) жоғарғы және бірінші сұрыпты бидай ұнын пайдалануға жол берілмейді.