2023 жылдағы білім алушылардың жетістіктері » Сш Шайкорык
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Шайқорық орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72633) 3-72-35
Есепші бөлімі:
+7(72633) 3-72-35
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2023 жылдағы білім алушылардың жетістіктері
28
декабрь
2023

2023 жылдағы білім алушылардың жетістіктері

  • IQanat олимпиадасына жалпы 35 оқушы қатысып, екінші кезеңге 8-сынып оқушылары Исенбай Гүлназ, Нұржанұлы Нұрдаулет, Ыбырахым  Ақсезім, Қанатқызы Ұлмекен, Есіркеп Ерасыл, Есқара Үміт, Тұрар Кәусар өтті.
  • Математика пәнінен «Кенгуру-математик» интернет-олимпиадасына жалпы 148 оқушы қатысып, 112 оқушы жүлделі орындарға ие болды.
  • Аудандық «Зерде» ғылыми жоба байқауында 4-сынып білім алушысы Ораз Дильназ ІІІ орынға ие болды, жетекшісі - Ахметова Дамира Жарылқасынқызы.
  • Аудандық «Ғылыми жоба» байқауының кезеңіне 8-11 сыныптар арасынан 3 оқушы қатысып, жүлделі орындарға ие болды. 
  • Облыстық «Ғылыми жоба» байқауында 11-сынып  білім алушысы Әбілда Нұрайлым  3-орынға ие болды.
  • Аудандық «Лингвистика»  байқауында 10-сынып білім алушысы Ғаниқызы Мейірім ІІ орын иеленіп, облыстық кезеңінде 3-орынға ие болды, жетекшісі ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Тойшибекова Жансая Айнабекқызы.


  • 9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңіне 28 оқушы қатысты. Нәтижесінде 5 оқушы І орын иеленіп, облысқа жолдама алды, 13 оқушы ІІ және ІІІ орындарға ие болды. 
  • Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың екінші /іріктеу/ кезеңінде 10-сынып оқушысы Елемес Ұлмекен 3-орынға иеленді, жетекшісі Халықова Шарбану Жақсынбетқызы.
  • 21-22 қыркүйек айында өткен өзге ұлт оқушылары арасында  қазақ тілінен 5-11 сынып оқушыларына арналған «Тіл-тәуелсіздік тұғыры» олимпиадасының ІІ дәрежелі жүлдегерлері: Ибрагимова Севилия, Карабаева Севда, Ибрагимова Рианна, Шадиманов Мұрад, Шакирова Эрмила, Шахпазова Элиф.
  • 2023 жылы ХХҮ Республикалық Абай оқуларының облыстық кезеңінде 11-сынып оқушысы Әбілда Нұрай 2-орынға ие болып, республикалық кезеңде грамотамен марапатталды.
  • 8-11 сынып оқушылары арасындағы республикалық "Махамбет оқулары" байқауының облыстық кезеңінде 11-сынып оқушысы Жамбыл Анел  бас жүлдені иеленіп, республикалық байқауда сертификатқа ие болды. 
  • 11-сынып оқушысы Жамбыл Анелдің «Қыл қалам» атты жыр жинағы шықты.
  • 8-11 сынып оқушылары арасында өткен облыстық М.Мақатаев  оқуларында «Жыр эстафетасы» номинациясы бойынша  Қыдырбай Алина  І орынға ие болды.
  • «Мен туыммен мақтанамын» атты  облыстық   көркемсөз оқу  шеберлері байқауынан Жамбыл Анел  1-орын алды.
  • «М.Мақатаев окулары» байқауының «Айтып өткен ақында арман бар ма?» номинациясында ақынның өлендерін мәнерлеп көркемдеп оқуда дараланган Қыдырбай Алина бас жүлдені иеленді.
  • Даңқты қолбасшы, майдангер-жазушы Бауыржан Момышұлының өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттау мақсатында өткен «Бауыржан оқулары» байқауының «Сыр айтам саған, халқым, ұға білсең» бағытында автордың туындыларынан үзінді жатқа оқуда Алдаберген Ерсұлтан  ІІ дәрежелі дипломға ие болды, Алдаберген Ерсұлтан  ІІ дәрежелі дипломға, "Томаға киген тау бүркіт" бағыты бойынша Жамбыл Әнел  бас жүлдеге ие болып, облыстық байқауға жолдама алды.
  • Төлеген Айбергенов оқуларының «Толқиды бір кеудемде  кернеген шер» бағыты бойынша  ақынның рухани болмысын ашып, эссе жазуда дараланған  Қарабай Айбибі 3 дәрежелі дипломмен марапатталды.
  • Республикалық "Тәуелсіз елім-тірегім" жасөсіпірімдер мен балалар шығармашылық байқауында "Бейнелеу өнері" жанры бойынша 9-сынып білім алушысы Мұса Еркежан бас жүлдеге, Мұрат Диана 2-орынға ие болды. Жетекші Джубайдильдаева Меруерт құрмет грамотасымен марапатталды.

ü Аудандық мектеп оқушылары арасында өткен «Ұлттық мектеп лигасы» футзалдан 9-11 сыныптар арасындағы жарыста ұлдар командасы ІІІ орынға ие болды.