Энциклопедиялық сипатта әзірленген «Білімнің жаққан шырағын» атты Жамбыл облысы педагогтерінің антологиясы жарық көрді. Бұл кітапта өңіріміздің білім саласында елеулі еңбек етіп, шәкірттерін білім нәрімен сусындатқан педагогтердің өмірбаяндары мен еңбек жолдары туралы материалдар жинақталған. Олардың ішінде Шайқорық орта мектебінің ардақты ұстаздары, физика пәнінің мұғалімі Айнабекова Мейрамкүл Сейділдақызы мен орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Керимбекова Райхан Есалиевна да бар. Ұстаз – ұлы есім, әрқашан да құрметке лайықсыздар, әріптестер!