Білім жүйесінің дамуы -
Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгелі аса үлкен мән берген әрі айтарлықтай өзгеріске ұшыраған салалардың бірі білім беру саласы дер едім. Мемлекет білім беру жүйесін сапалық жағынан жақсарту мақсатын қойды, сол мақсатты жүзеге асыру мемлекет басшысының әрбір үндеуінен орын алып отырды және әлі де жалғасын таба бермек. Себебі, ұлттың болашағы білімді ұрпақ қолында. Заманауи талаптарға сәйкес, бүгінгі бала, ертеңгі маман бәсекеге қабілетті болуы үшін барлық мектептер кезең-кезеңімен жаңартылған