Санат бойынша ыстық тамаққа құжат жинау » Сш Шайкорык
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Шайқорық орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72633) 3-72-35
Есепші бөлімі:
+7(72633) 3-72-35
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Санат бойынша ыстық тамаққа құжат жинау
13
август
2024

Санат бойынша ыстық тамаққа құжат жинау

Құрметті ата -аналар! 
    Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы  N 64 қаулыны басшылыққа ала отырып, мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің мынадай санаттарына:
1) мемлекеттік атаулы көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға;
2) мемлекеттік атаулы көмек алмайтын, жан басына  шаққандағы табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға;
3) отбасыларда тұратын жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;
4) төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға;
5)білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына тегін ыстық тамаққа құжаттар 15.08-23.08.2024 жыл мерзімінде құжаттар қабылданады.
Аталған санаттар бойынша төмендегідей құжаттар жинақталады.
1) атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар үшін:
* Атаулы әлеуметтік көмек алатындығы туралы анықтама (2 дана)
* Ата-анасының төлқұжаты көшірмесі
* Білім алушының туу туралы куәлігі көшірмесі 
2) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі  күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасыларға:
* Жұмысқа жарамды отбасы мүшелерінің кіріс көздерін анықтайтын анықтамалар(соңғы 3 айлық жалақы көрсеткіші, жәрдем ақылар, жұмыссыздықты анықтайтын анықтама)
* Ауылдық округ әкімшілігі тарапынан берілетін тұрмыстық жағдайын зерделеу АКТ (2 дана)
* Ата-анасының төлқұжат көшірмесі 
* Білім алушының туу туралы куәлік көшірмесі 
3) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға:
* Заңды өкіліне берілген қорғаншы, қамқоршылық тағайындалған қаулының көшірмесі(2 дана)
* Қамқоршы ата-ананың төлқұжат көшірмесі
* білім алушының туу туралы куәлігінің көшірмесі.
Көк файл 2 дана
Шайқорық орта мектебі әкімшілігі
 Әлеуметтік педагог: Сулейменова Мереке Бахытбековна
Байланыс телефоны 87473697040