Шайқорық орта мектебінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары туралы » Сш Шайкорык
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Шайқорық орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72633) 3-72-35
Есепші бөлімі:
+7(72633) 3-72-35
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Шайқорық орта мектебінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары туралы
05
июнь
2023

Шайқорық орта мектебінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары туралы

Қазақстан Республикасы «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі №591 Заңы негізінде және Қазақстан Республикасының   Білім беру министірлігі мен Юстиция министрлігімен бірлескен 1995 жылғы 14 маусымдағы № 4/7 «Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарында құқықтық тәрбие беру және құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесі туралы Ережені» басшылыққа ала отырып,  жылдық жоспар жасалынды. Жоспарға сай профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. 

         «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың профилактикасы туралы  2022-2023 жылдарға арналған Жол картасы» мен облыс әкімдігінің  «2022-2025 жылдарға арналған бірлескен кешенді Жоспарды бекіту туралы» 27.08.2022 жылғы  №203 қаулысының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында, мектепте рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды. Атап айтсақ, балалардың қадағалаусыз, панасыз қалудың алдын алу мақсатында мектеп инспекторымен бірлесе жұмыс жасайтын мектепішілік мобильді  тобы құрылды. Тамыз – қыркүйек айларында  өгей әке, ана және қорғаншылықта, қамқоршылықтағы   оқушылардың үйлерін сынып жетекші, әлеуметтік педагог, мобильді топ тарапынан рейд жұмыстары  ұйымдастырылып, жүргізілді.  Сол сияқты, буллингтің алдын алуға қатысты  31.08.2022 жылы «2022-2023 оқу жылында зорлық-зомбылық пен буллингтің, интернет-қудалаудың алдын алу шараларын ұйымдастыру туралы» №441-Ө бұйрығын, тәрбие жұмысын күшейтуге қатысты 31.08.2022 жылы «Облыстағы білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысын және педагог-психологтардың жұмысын жүргізу және күшейту туралы» №442-Ө бұйрығын негізге ала отырып, «Кәмелетке толмағандардың агрессивтілік деңгейін диагностикалау» әдістемелік нұсқаулығы,  4 ақпараттық парақшаларды («Қылмыстың алдын алудың 25 негізгі құралдары», «Қарым-қатынастық агрессивтіліктің интегралды формасын анықтау», «Қобалжуды, фрустрацияны, агрессивтілікті және ригидтілікті өзіндік бағалау», «Баланың агрессивтілігінің критерийлері»), автоматтандырылған  балалардың психикалық жай-күйін диагностикалау жүйесі, «Білім беру ұйымдарында аутодеструктивті мінез-құлықты алдын алу мен суицид превенциясы» анықтамасы басшылыққа алынып, жұмыс жүргізілуде. Атап айтсақ, балалар, мұғалімдер және ата-аналардан сауалнама алынып, қорытындысы шығарылды. 

         





Шайқорық орта мектебінде барлығы 1220 оқушы білім алады. 55 сынып комплектісі бар. 

Қыркүйек айында оқушылардың әлеуметтік жағдайы зерделеніп, қоғамдық осал топтан шыққан оқушылардың тізімі жасалған. Атап айтар болсақ: 

Өгей ата-анасымен бірге тұратын: 5 білім алушы;

Қамқоршымен (опекун) бірге тұратын, тұл жетім – 6 оқушы;

Ата-анасынан бөлек тұратын оқушылар – 11 оқушы,

Мектепішілік есепте – 5 оқушы, аудандық полиция бөлімінің есебінде – 2 оқушы тіркелген.

Әлеуметтік осал топтан шыққан, 5 түрлі санат бойынша анықталған 240 оқушы бір реттік материалдық көмек пен ыстық тамақпен қамтылған. 

Аталған отбасыларда тәрбиеленетін оқушылардың психологиялық жай-күйі, әлеуметтік жағдайы, отбасы мүшелерімен қарым-қатынасы, жеке бөлмесі мен білім алуына жасалатын жағдайы, материялдық мұқтаждықтары, сабаққа қатысуы мен денсаулығын уақытылы медициналық тексеруден өткізіп отыруы үнемі назарда. Ол үшін ДҚТІЖО Д. Рахимкулова, мектеп психологтары Ж. Шерметова, А. Артық, әлеуметтік педагог М. Сулейменова және сынып жетекшілері оқушылардың үйіне жылына екі рет рейд жұмыстарын жүргізіп отырады.

Ата-анасынан белгілі себептерге байланысты бөлек тұрып жатқан оқушылардың туыстарына нотариялдық түрде сенімхат берілген. Осы сенімхат негізінде туыстары аталған оқушылардың сенімді өкілі ретінде баланың құқықтық өміріне толыққанды жауапкершілік алған. Ол оқушылардың ата-анасымен тұрақты байланыс орнатылған. Қазіргі таңда балалардың ата-анасына қайту мүмкіндігі жоқ. 

Шайқорық орта мектебінде 2022-2023 оқу жылы сенімхат негізінде ата-анасынан бөлек тұратын оқушылар тізімі

Оқушының аты-жөні

Туған жылы

Сыныбы

Заңды өкілі

Мекен-жайы

1

Ильязов Мухаммед

02.03.2011

6 Д

Бадалова Фатима 

Қонаев көшесі №4 үй

2

Ильязова Мубина 

06.04.2012

5 Д

Бадалова Фатима

Қонаев көшесі №4 үй

3

Бертисова Толғанай 

20.10.2009

7 А

Ахмолдаева Мейраш

Темирязева көшесі, №3/2 үй

4

Елемес Тұрсынғали

03.08.2011

6 Г

Ахмолдаева Мейраш

Темирязева көшесі, №3/2 үй

5

Максутова Каусар 

22.12.2010

6 Б

Сериева Рабига

Абай көшесі №56 үй

6

Мірәлі Гүлім 

24.04.2008

8 В

Абуталиева Бидаркүл

Абай көшесі, № 5/1 үй

7

Болат Ырыскелді 

15.01.2009 

8 А

Өксікбаева Дәмелі

Танты көшесі, №29 үй

8

Қыдырбай Мадина 

25.12.2008 

8 А

Абдезова Оразкүл 

Асқарова көшесі, №299 үй

9

Худжабергенова Жанел 

13.01.2013

4 В

Иманбаева Гульнара

Қонаев көшесі №29 үй

10

Абдыхаимова Дания 

02.08.2011

6 Д

Токкулиева Нурпиха

Абай көшесі, №52 үй

11

Базар Нұржан 

09.01.2008

9 Б

Карибаев Мухтар 

Алаш көшесі, №11/1 үй

Оқушылардың жеке бөлмелері, сабақ оқитын бұрыштары бар. Отбасындағы мүшелерімен қарым-қатынастары жақсы және балалар сабаққа жақсы көңіл-күймен келеді. 

Өгей әке-шешесімен бірге тұратын оқушылардан тұрақты түрде психологиялық тесттер, сауалнамалар алынып, оқушылармен және олардың ата-анасымен профилактикалық-түсіндірмен жұмыстары жүргізіліп отырады. Оқушылар сенім телефондары мен сенім жәшіктерінің және қиын жағдайға ұшыраған жағдайда мектепте кімнен көмек сұрау қажет екендігінен хабардар. 

Қыркүйек айында сабақтан жиі қалатын 11 «Г» сынып оқушысы Шабанова Жасминнің ата-анасымен бірлескен жұмыстар жүргізілді. Оқушының үйіне сынып жетексіші мен ДҚТІЖО Д. Рахимкулова барып, ата-әжесіне профилактикалық-түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Ата-әжесінен баланың өмірі мен қауіпсіздігіне байланысты қолхат алынды, оқушының тұрмыстық-әлеуметтік жағдайы зерделеніп, акт толтырылды. 

Қазіргі уақытта оқушының есепке алу парағы, оқушының жеке парағы, оқушыны есепке алу хаттамасы, оқушының тұрмыстық жағдайын тексеру актісі, сол оқушымен (әр қайсысымен) атқарылатын жұмыс жоспары, мектеп психологімен, сынып жетекшісімен, ата-анасымен сұхбаттасу жоспары, психологтің жүргізген жұмысының қорытындысы сияқты жеке бақылау қағаздары толтырылды. Әр ай сайын мектепішілік тізімде, Жамбыл ауданының ПБ-де жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің ювеналды полиция тобының «жайсыз отбасы» есебінде тұрған отбасында тәрбиеленетін оқушылардың тізімі тексеріліп отырады. 

2023 жылғы мамыр айындағы мәліметке сәйкес Жамбыл аудандық полиция бөлімінің есебінде 2 оқушы: 10 «Б» сынып оқушылары Ескермес Жалғас (қаңғыбастық) пен Утегенов Нұрлан (төбелеске қатысқан) тұр. «Жайсыз отбасы» есебіндегі оқушы жоқ. 

Мектепішілік есепте тұрған балалар: 

Аты-жөні

Сыныбы 

Есепке алыну себебі 

Қайда есепке алынған 

1

Жексенбек Еркебұлан 

9 «Б» 

Әлімжеттік көрсетуі

Мектепішілік 

2

Боранбай Нұрасыл 

9 «Г» 

Әлімжеттік көрсетуі

Мектепішілік

3

Даниярұлы Нұрдәулет 

9 «Г» 

Әлімжеттік көрсетуі

Мектепішілік

4

Қалдыбайұлы Сұлтан 

9 «Г»

Әлімжеттік көрсетуі

Мектепішілік

5

Сүйінбай Гүлбану 

8 «Б» 

Өмірлік қиын жағдайға тап болған 

Мектепішілік 

Аудандық полиция бөлімінің есебінде:

Аты-жөні

Сыныбы 

Есепке алыну себебі 

Қайда есепке алынған 

1

Ескермес Жалғас 

10 «Б» 

Қаңғыбастық 

АПБ есепте 

2

Утегенов Нұрлан 

10 «Б» 

Төбелеске қатысқан 

АПБ есепте

21.12.2022 жылы өзінен кіші оқушыға әлімжеттік көрсеткені үшін мектепішілік есепке алынған 4 оқушы және 10.01.2023 жылы АПБ-де екі рет әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін (кешкі уақытта мекен-жайдан тыс жерде жүру) есепке алынған Ескермес Жалғас, 09.03.2023 жылы тәртіп бұзғаны (төбелес) үшін есепке алынған Утегенов Нұрлан туралы Құқық бұзушылықтың алдын алу кеңесінде мәселе көтеріліп, ата-аналарына хабарлама берілді. Әр оқушыға жеке тәлімгер тағайындалып, мектеп инспекторы және директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, мектеп психологтары мен әлеуметтік педагог оқушылардың үйлеріне айына бір рет рейд жұмыстары жүргізілді. Мектеп инспекторы мен құқық орынбасары бірге балаларға аптасына бір рет құқықбұзушылық туралы дәрістер, профилактикалық-түсіндірме жұмыстар жүргізсе, мектеп психологтары тарапынан оңалту шаралары жасалды. Сынып жетекшілері оқушыларға жеке журналдар арнап, баланың сабаққа қатысуы, сабақтағы көңіл-күйі және дайындығы қадағаланды, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында балаларды үйірмелерге жазып, мектептің қоғамдық өміріне белсене қатыстыруда. Білім алушыларға салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткізілетін спорттық ойындар, әскери-патриоттық жарыстарға тартылуда. 

13.04.2023 жылы өмірлік қиын жағдайға тап болған 8 «Б» сынып оқушысы Сүйінбай Гүлбанумен аудандық емхана жанынан ашылған «Сенім» жастар орталығының мамандарынан бөлек мектеп психологы Ж. Шерметова, құқық орынбасары Д. Рахимкулова тығыз жұмыс жасауда. Ата-анасының қайтыс болуына байланысты 2019 жылы әпкесі Сайлаубаева Жаннаға қамқоршылық берілгеннен кейін, яғни 5 сыныптан бастап Шайқорық орта мектебіне ауысқан Сүйінбай Гүлбану қорғаншы-қамқоршы тағайындалған оқушылардың есебінде. Ол жалпыға міндетті білім қорынан бөлінген бір реттік материалдық көмекпен, мектептегі бір реттік ыстық тамақпен, қала маңындағы жазғы сауықтыру лагерьлерімен қамтылған. Одан бөлек демеушілер есебінен берілетін көмектер негізінде жылы киімдер, мектеп құралдары, жаңа жылдық сыйлықтар беріліп отырады. Оқушыға «Мейірім» жобасы негізінде «Отбасы» банкінен жеке есеп шот ашылып, аудандық демеушінің қаржылай көмегі де түсіп отыр. қамқоршысынан жылына екі рет есеп алынады. Мектепке шалғай ауылда тұратын болғандықтан мектеп автобусымен қатынап оқиды. 

Қазіргі таңда Сүйінбай Гүлбанудың психологиялық денсаулығы басты назарда. Оқушының сабаққа келуі, көңіл-күйі, достарымен, сыныптастарымен, отбасы мүшелерімен қарым-қатынасы үнемі назарда. Оқушыға тәлімгер бекітілген және мектептің қоғамдық өміріне қатыстыру қолға алынған. жазғы демалысын тиімді пайдалану мақсатында қала маңындағы жазғы сауықтыру лагеріне баратын оқушылардың тізіміне қосылған. 

         

Көп балалы, аз қамтылған, толық емес отбасылардан шыққан, ата-ана қамқорлығынан айрылған балалар бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылды. Оқушыларды ыстық тамақпен қамту үшін Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министерінің 25 қаңтар 2008 жылғы № 64 қаулысына сүйене отырып, төмендегі құжаттар жинақталды.

2022 жылдың 1- қыркүйегінен бастап Шайқорық орта мектебінде 240 оқушы ыстық тамақпен қамтылып отыр. 

Мектеп асханасында оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуын «Токсеитов А.Т» ЖК ұйымдастырады.Оқу жылының басында оқушылардың тамақпен қамтылуын ұйымдастыру және асхананың тазалығын бақылау мақсатында мектеп директоры Д.М. Мадибаев бұйрығы негізінде мектеп әкімшілігі арнайы комиссия құрылып, ай сайын асхана тазалығын, тамақ сапасын тексеріп акт толтырып отырады. Комиссия құрамы: директордың құқық-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д. Рахимкуловаа, директордың шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары А. Кулбаев, мектеп медбикесі Б.Үзембаева, әлеуметтік педагог М.Сулейменова, ата–аналар комитетінің төрайымы М.Алеханова.

Тегін бір мезгілді ыстық тамақпен қамтылған оқушылар Жамбыл ауылдық округі әкімі және мектеп директоры мөрімен бекітілді. 

Жағдайы төмен жанұядағы оқушыларға қолдау көрсету және баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу үшін 2022 жылдың 1 шілде - 28 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылды. Акция аясында аз қамтылған отбасылардан шыққан 6 оқушыға мектепке қажетті киім алынып берілді. Жалпыға бірдей міндетті білім қоры есебінен 37500 теңге 229 оқушыға, мектеп мұғалімдері В. Саяқова, А.Байлыбеков, жеке кәсіпкер М.Қазанбасов  демеушілік қолдау көрсетіп, 10 оқушыны мектепке қажетті құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етті.

Көмек көрсетушілер Көмек түрі     Қамтылған оқушылар саны

1.                     Жалпыға ортақ білім қоры  37500 теңге    229 оқушы

2.                     Мектеп мұғалімі – Саяқова Венера           60000 теңге   5 оқушы

4.                     Мектеп мұғалімі - Байлыбеков Айдос        60000 теңге  4 оқушы

5.                     Жеке кәсіпкер – Қазанбасов Мейіржан 50000 теңге       1 оқушы

            Барлығы                    239 оқушы

Жамбыл ауданы әкімдігінің білім бөлімі «Жалпыға бірдей міндетті оқу қорынан» Шайқорық орта мектебінде оқитын оқушыларға 37500 (отыз жеті мың бес жүз)теңге. Оларды әлеуметтік жағдайы төмен, жартылай жетім, толық емес отбасы, көп балалы отбасынан шыққан оқушылардың ата-анасының жеке есеп шоттарына аударылды.

29- қазан Қамқоршылар күніне орай мектебімізде концерттік іс-шара өткізіліп, 6 оқушының заңды қамқоршыларына мектеп ұстаздары атынан бағалы сыйлықтар мен алғыс хат жарияланды.

Үй жағдайында білім алатын оқушыларға мектеп мұғалімдерінің демеушілігімен  жаңа жылдық тәтті толы қораптар сыйға тартылды. Ата-ана қамқорлығынсыз қалған 6 оқушыға Жамбыл ауданы әкімдігінің білім бөлімі жаңа жылдық шырша ұйымдастырып, әр қайсысына тәтті толы қораптар тарту етті.

Мектеп директоры Д.Мадибаев